$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде қыста асфальтталған жол көктем шыға жарамсыз боп қалды

Ақтөбенің Шевченко көшесіндегі жол көктем шыға дымға жарамай қалды. Мүжілген асфальт еріген қармен бірге ағып кетті деп жазады Аktobetimes порталы.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жұмысшылар жол құрылысын желтоқсан айының басында екі түннің ортасында жүргізген. Бұл күні қатты аяз болған көрінеді.

"Менің пікірімше, жұмысшылар біздің ақшаны жай ғана қоқысқа тастай салды. Ақшамыз еріген асфальтпен бірге суға ағып кетті десек те болады. Қардың үстіне жол салу деген барып тұрған ақымақтық емес пе?!", - дейді Шевченко көшесінде 30 жылдан бері тұрып келе жатқан Иманбай Қаржаубаев.

Ақтөбелік жол салушылар шұңқырларды асфальтпен емес, кірпішпен де жамай береді екен. Ал, жол құрылысына жауапты басқарма басшысы Аязбай Османғалиевтің айтуынша, бұзылған жолды мердігер компания өз қаражатына жөндеп беруі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары