Қанды оқиға 20 наурыз күні орын алған. Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде жұмыс істейтін азаматты екі клиент азаптап өлтірген деп жазады Tengrinews.kz.
Қазіргі таңда күдіктілердің екеуі де қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр. "20 наурыз күні орын алған адам өлтіру қылмысына байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмысты жасады деген күдіктілер ұсталды. Бірі 29-да, екіншісі 32 жаста. Екеуі де Ақтөбе тұрғындары", - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, марқұмның артында кішкентай төрт баласы қалды. Куәгерлердің айтуынша, күдіктілер дәмханадан тамақтанып болған соң төлеуге ақшалары жетпей, кафе қызметкерімен ерегіскен. Оның арты төбелеске ұласыпты.