$ 494.87  520.65  4.91

Тәңірберген Бердоңғаров шымкенттіктердің атына «кір келтірген» жүргізушіні әшкереледі (ВИДЕО)

ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаров Астанадағы темір жол вокзалында көлігін жолдың ортасына қойып кеткен "шымкенттік" жүргізушінің осынау әрекетін Facebook әлеуметтік желісінде әшкереледі. 

Наурыз мерекесіне орай қала билігі вокзал маңындағы ақылы тұраққа бірнеше күн қатарынан тегін кіріп-шығуға рұқсат берген болатын. Содан бері темір жол вокзалының маңы қайтадан көлік кептелісіне айналды. Ал, осындай көліктің көп екеніне қарамастан жалғыз жолды бекітіп кеткен жүргізушіні Бердоңғаров "эгоист" деп айыптап отыр.

"Ер азамат көлігін жол ортасына тастап, өзі кетіп қалған. Бәлкім біреуді күтіп алуға асыққан шығар. Енді артынан 20 шақты көлік кептеліп күтіп тұр. Мұны эгоизм деп атайды", - дейді министрдің кеңесшісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қызығы сол, кептелісті қолдан жасаған көлік жүргізушісі де Facebook желісінің тұрақты қолданушысы екен. Ол өзі туралы видеоны көріп, авторынан оны өшіріп тастауын талап етіпті.

"Жеке чатқа шығып, видеоны өшіріп тастауымды талап еттім. Мен болсам жол ережесін бұдан кейін бұзбауға шақырғам, ол үзілді-кесілді бас тарты", - дейді Бердоңғаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары