Қоғам 24.03.2017 сағат 06:15

Астана вокзалында көлігін жол ортасына тастап кеткен "шымкенттік" жүргізушіні полиция жазалады

Мереке күндері Астана вокзалының алдындағы жолдың ортасына көлігін тастап, кептеліс тудырған жүргізушіні жергілікті полиция анықтап, тиісті жазасын берді деп жазады Tengrinews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Естеріңізге салайық, аталған жайт бейнеленген видеоматериалды Мәжілістің экс-депутаты, ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғаров өзінің Yotube-каналында жариялаған болатын. Онда 539YCA13 мемлекеттік номерін таққан Toyota Camry автокөлігі үлкен жол кептелісін тудырғанын анық байқауға болады. Видеоролик әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін көлік жүргізушісі Бердоңғаровпен хабарласып, материалды интернеттен алып тастауын талап етіпті, тіпті, "шымкенттіктердің атына кір келтірмеуін" де ескерткен.

Бейнеролик жарияланғаннан кейін көп ұзамай жергілікті полиция қызметі Toyota Camry жүргізушісін тауып, оған тиісті жазасын берді. Яғни, жол ортасына көлігін қалдырып, қолдан кептеліс тудырғаны үшін 1995 жылғы ер азамат 20 АЕК көлемінде (45 380 теңге) айыппұл төлейтін болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар