Алматы облысында екі жеңіл көліктің соғысуы салдарынан сегіз адам қайтыс болды деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Оқиға салдарынан тек кішкентай бала ғана аман қалған.
Жол көлік оқиғасы наурыздың 23-нен 24-не қараған түні Еңбекшіқазақ ауданында Алматы — Көкпек — Көктал тас жолының бойында орын алды. Қазақстан ауылына жақын маңда Nissan Primera мен Toyota Vista жеңіл көліктері соқтығысқан. КӨз жұмған 8 адамның алтауы ересектер және екеуі 2015, 2017 жылы туған сәбилер.
Апаттан аман қалған 8 жасар бала болса қазір жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оның денсаулығы жайында әзірге ақпарат жоқ. Ал, тәртіп сақшылары болса апаттың не үшін орын алғанын анықтауға кірісіп кетті.