$ 443.85  474.3  4.8

Алматы облысындағы жол апатынан бір отбасының 6 мүшесі қайтыс болған

Алматы облысындағы Құлжа тас жолында кеше түнде орын алған ірі жол апатынан 8 адамның қайтыс болғаны бұған дейін хабарланған еді. Оның алтауы бір отбасының мүшелері дейді Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы директорының орынбасары Гүлнар Құраметова Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында.

Анықталғандай, Toyota Vista көлігінде қарт әйел, оның баласы мен келіні, 2015 және 2017 жылғы екі немересі және 8 жасар жиен бала болған. Отбасының тағы бір туысы көлікті тізгіндепті.

"Ерлі-зайыптылардың 8 жасар жиенінен басқаларының бәрі қайтыс болды. Оның ата-анасы көлікте болмаған. Кішкентай балалар артқы орындықта үлкендердің алдында отырған", - дейді аурухана басшысының орынбасары.

Ал, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жол апатына себепкер болған Nissan Primera көлігінде екі ер азамат болған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда тірі қалған бала жансақтау бөлімінде жатыр екен. Ол ауыр халде түскенімен, қазір беті бері қарады дейді дәрігерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары