$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда екі жігіт үшіншісін өлімші етіп сабап тастады (ВИДЕО)

Атырауда екі ер азамат үшіншісін өлімші етіп сабап тастаған. Оқиға түнгі клубтың дәретханасында орын алып, бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты. Видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі "За тебя, Бәке | ZTB" парақшасында жарияланды.

Бейнекадрлардан екі ер азаматтың үшіншісін кезек-кезек тепкілеп жатқанын аңғаруға болады. Олардың бірінің қолында тапанша бар. Ал, жәбірленуші қарсыластарына жауап бергісі келгенімен күші жетпей, ауыр соққыдан есін жоғалтып алған.

Төбелестің неден шыққаны белгісіз. Дегенмен, облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, күдікті екі азаматтың кім екені анықталып, қазір оларды ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Екеуі де жергілікті тұрғындар. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалған.

ЕСКЕРТУ, бейнероликте норматив лексика бар!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары