Қарағанды облысында тағы бір балықшы суға батып кетті. 61 жастағы азаматтың өлі денесі бір тәуліктен соң табылған деп мәлімдеді 31-телеарна.
61 жастағы азамат Нұра өзеніне балық аулауға шыққан екен. Балықшының жұқарған мұз ойығына түсіп кеткені туралы хабар наурыздың 25-і күні кешке түссе де, төтенше жағдай қызметкерлері марқұмның мүрдесін келесі күні алып шыққан. Өйткені құтқарушылар «іздеу жұмыстарын түнгі уақытта жүргізбейміз», дейді. Сөздерінше, азаматтың денесі екі метр тереңдіктен бір жарым сағаттың ішінде шығарылған екен. Ал бұл Қарағанды өңірінде соңғы бес күн ішінде мұзға түсіп кеткен екінші азамат. Бұған дейін Балқаш қаласында жеңіл көлікпен өзенге батып кеткен балықшы әлі табылған жоқ.