$ 498.34  519.72  4.85

Ішкі істер министрлігі тасқын судан шамамен 2500 үйдің бүлінгенін айтты

ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин Қазақстандағы тасқын судан қанша үйдің бүлінгенін онлайн-конференция барысында айтты деп жазады Informburo.kz.

"Шамамен 2300-2500 үй бүлінді, су тартылғаннан кейін бағалау жұмыстары жүргізіледі. Мұнан кейін қанша үй мүлдем жарамай қалғанын, қаншауын жөндеуге болатынын анықтаймыз. Бағалау жұмыстарын әкімшілік жанынан құрылған комиссиялар ж.ргізетін болады", – дейді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, Қарағанды облысындағы Нұра өзенінің жағалауында жағдай күрделі. Мұнда қазір 12 елдімекен су астында қалуы мүмкін.

"Жалпы 130-дан астам үй су басқан аймақта орналасқан. Олардың тұрғындарын қазір қауіпсіз жерге көшірдік", - деді вице-министр оқырмандар сауалына жауап беру барысында.

Оның айтуынша, тасқынның екінші толқыны сәуір айныың соңы мен мамыр айының басында қайта келеді деп күтілуде. Бұл жолы тасқын су Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарын, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарын шаюы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары