$ 498.34  519.72  4.85

Жамбыл облысында тасқын салдарынан 50 мыңнан астам балық жағаға шығып қалған (ВИДЕО)

Сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы «Юбилейное» көлі аяқасты тасып, тасқын су канал арқылы жазық далаға жайылып кеткен. Салдарынан 50 мыңнан астам балық жағаға шығып қалыпты.

Жазықтықта қалыптасқан көлшіктерде мыңдап жатқан балықтарды жергілікті тұрғындар видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратқан болатын. Бұл видеоролик әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.

ҚР АШМ мамандарының айтуынша, 18 сәуір күні Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының мамандары оқиғадан хабардар болып, дереу шара қабылдауға кіріскен. Балықтардың жағаға шығып қалғанын оларға орманшылар хабарлапты. Құтқару жұмыстарына барлығы 26 адам қатысқан. Нәтижесінде 50 мыңға жуық карась балығы құтқарылып, көрші орналасқан «Сарыпалдақ» көліне жіберіліпті. Ал, өлім қалған 50 келіден астам балықты мамандар ауру тарамас үшін залалсыздандырған.

Қазіргі таңда арнасынан асқан «Юбилейное» көлінің жағасына топырақтан бөгет салынып, оқиғаның қайталанбауы қолға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары