$ 511.22  540.05  4.73

Ақтауда 40 жастағы әйел мен оның жасөспірім қызы 3-қабаттан секіріп кетті

Көпқабатты үйдің түбінде жатқан әйел мен оның қызын кездейсоқ куәгерлер көріп қалып, дереу жедел жәрдем шақырған деп жазады Lada.kz.

Жедел жәрдем станциясы ауыр жараланған екеуін Маңғыстау облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр екенін айтып отыр.

№29 үй тұрғындарының айтуынша, әйел мен қызы үшінші қабаттағы пәтерді жалдап тұрған. Әйел 1977 жылғы, қызы 2002 жылғы. Олар құлап кетпеген, секіріп кеткен болуы әбден мүмкін дейді сол үйдің тұрғындары. Өйткені, олар құлаған жерден жастықтар мен сөмке табылған.

- Олар киініп алған, аяқтарында аяқ киімдері бар, әйелдің өзімен бірге сөмкесі де болған. Біреуден қашқаны анық. Жарақат жеңіл болу үшін өздерімен жастық алып секіргені де анық. Егер қашпаса есіктен-ақ шығып кетер еді ғой. Әйтеуір тірі қалғандарына шүкір", - дейді №29 үйдің тұрғындары.

Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Істі полиция тексеріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары