$ 448.15  483.46  4.86

Астанада жыл басынан бері өрттен 8 адам қайтыс болған

2017 жылдың алғашұы 9 айында Астанада 515 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 8 адам қайтыс болыпты. Мамандар өрттен қайтыс болған адамдар санының өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға аз екенін айтып отыр. Былтыр бұл кезеңде тілсіз жаудан 13 адам қайтыс болған екен. Бұл туралы қала әкімдігінің медиа орталығына Астана қаласы ТЖД ӨҚ БжПҚБ техникалық нормалау бөлімінің бас маманы Қайыр Нұрғазинов мәлімдеді.

Маманның айтуынша, өрт көбінесе астанадағы жеке секторлардан шығады. Өрттің негізгі шығу себептері: пешті жылыту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау, монтаж ережелерін бұзу, электр қондырғыларын техникалық пайдалану, отты абайлап қолданбау. 

Күннің суытуына байланысты астаналық ТЖД қала тұрғындарын өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. «Ең бірінші пешті жылытуды ретке келтіру керек. Оның ішінде түтін шығатын мұржада жарықшақтар, сынықтар пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Түтін шығатын мұржа мен қабырғаны жиі-жиі әктеп, түтін шығатын жолды қадағалап тұру керек. Көмірден шығатын өрттің алдын алу үшін, көмір түсетін кішкене қорапша орнату керек», - дейді Қ.Нұрғазинов. 

Пешті пайдалану кезінде пештің алдына отынды үйіп қоймауға, киім кептіруге, басқа да материалдарды жақын қоюға болмайды.

Өрттің тағы бір шығуына қолдан жасалған тұрмыстық электр жылытқыштар да себеп болады. 

«Күн суытқан кезде жылу реттегіші бар зауыттан шыққан электрқондырғыларын пайдаланған дұрыс», - дейді Қ.Нұрғазинов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары