$ 443.85  474.3  4.8

Шымкент полицейлері жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен ананы іздеп жатыр

Шарананың өлі денесі Шымкенттегі қоқыс алаңдарының бірінен 20 қазан күні табылған. Қыз баланың мәйітін сол маңда жұмыс істейтін компания қызметкерлері тауып алып, дереу полицияға хабар беріпті. 

Қазіргі таңда сәбиді қоқысқа тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша Шымкент қалалық Абай полиция бөліміне тіркелді. Бірнеше сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Күдікті әйелді іздестіру мақсатында Абай полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылуда. Шымкент қаласының полицейлері азаматтардан жас нәрестенің анасын табуға көмектесіп, осы жөнінде қандай да бір ақпарат біліп жатса, «102» телефонына хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары