$ 444.32  473.33  4.76

Үржарда АИ-92 маркалы бензин 180 теңгеге дейін қымбаттады

ШҚО Үржар ауданының орталығында жанармай құны шарықтап кетті. Мұнда АИ-92 маркалы бензин бағасы Өскемендегідей 157 теңге емес, 180 теңге. Неге екені белгісіз, сапасы ең төмен саналатын АИ-80 бензині де тура осындай бағамен сатылуда.Ал, АИ-95 195 теңгеге сатылып жатыр. Бұл туралы "Устинка" басылымы хабарлады.

Бүгінгі таңда Үрдардағы жанармай бағасы бүкіл республика аумағындағы ең қымбат бағалардың бірі ретінде тіркеліп отыр. Өскемендегі бағамен айырмашылық мұнда 25 теңгені құрайды.

"Біз Астанада емес, ауданда тұрамыз, ал бағаның түрі мынау. Біз бөлек бір мемлекет секілдіміз. "ҚазМұнайГаз" бекетінде АИ-92 жанармайы 157 теңге тұрады. Бірақ, ол Үржардан 87 шақырым алыста. Аудан орталығындағы жанармай бекеттерінің бәрі келісіп алғандай, Бәрінде АИ-92 маркалы бензин 180 тегеден сатылып жатыр", - дейді ашуға булыққан үржарлық тұрғындар.

Аудан әкімі Серік Зайнуллдиннің айтуынша, әкімдік жанармай сатушыларымен келіссөздер жүргізіп көрмек болған. Алайда, олар бағаны түсіруден бас тартыпты.

"Біз қазір бағаны көтеріп жіберген екі жанармай бекетімен мәселені шешкелі жатырмыыз. Олар туралы монополияға қарсы комитетке хабарладық. Мамандардың келуін күтіп отырмыз", - деді аудан әкімі.

Енді бағаны шарықтатып жіберген кәсіпкерлерді ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті тексереді. Егер жанармайдың негізсіз қымттағаны анықталса онда оларға ірі көлемде айыппұл салынбақ.

Айта кетейік, еліміздегі ең қымбат жанармай Батыс Қазақстан облысының Сайхин ауылында тіркелген болатын. Мұнда 1 литр АИ-92 200 теңгеден сатылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары