$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда жаңа жылда жер сілкінуі мүмкін – сейсмолог

Биыл желтоқсан айының соңында Алматыда жер сілкінуі мүмкін деп жазады informburo.kz Сейсмология институтының зертхана меңгерушісі Әбдірахман Құрскеевке сілтеме жасап.

"Алматы тұрғындары естен шығармауы тиіс, біз сейсмоқауіпті аймақта өмір сүріп жатырмыз. Яғни, жер сілкінісі кез-келген уақытта орын алуы мүмкін. Технология қанша дамыса да жерасты дүмпуі мына уақтта болады деп дөп басып ешқашан айта алмайды. Ал, қазір қала тұрғындарын Алматыда келесі жер сілкінісі қашан болады деген сауал мазалайды. Дүмпулер болады. Соңғы 3-4 жылда сейсмикалық процестердің белсенділік кезеңі жаңа фазаға енді. Қытай мен бізге жақын орналасқан өзге елдерде болып жатқан жер сілкіністері осыған айғақ. Біздің елде жер сілкінбейді деп айта алмаймын, биыл жылдың соңында сейсмикалық белсенділік артады, бұл кезеңде жерасты дүмпулерінің тіркелуі заңдылық. Бірақ, қирататындай жер сілкінбейді", – дейді Ә.Құрсекеев.

Оның айтуынша, Алматының тау жақ аумағында сейсмикалық қауіп басым. Егер тауда жер сілкінісі тіркелсе оны бүкіл шаһар тұрғындары сезетін болады.

"Біздің ғимараттар жер сілкінісіне төтеп бере ала ма? Мәселе осында. Алматыдағы ғимараттардың көбі сейсмикалық тұрақтылық талаптарына сәйкес емес. Яғни, шыдас бермейді. Оның үстіне, қалада әбден тозған ескі үйлер көп. Салынып жатқан жаңа үйлер 9-10 балдық жер сілкінісіне шыдас бере ме, ол жағы маған белгісіз. Мен Жапония мен Қытайда сейсмикалық қауіпті аймақтарда болдым. Ол жақтың өзінде барлық талаптарға сай салынған ғимараттар 9-10 балдық жерасты дүмпулерінен кейін жермен-жексен болады", – деді сейсмолог.

Оның айтуынша, егер жойқын жер сілкінсе Алматыда 300 мыңға дейін адам құрбан болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары