$ 444.14  477.05  4.85

Қайырбек Сүлейменов Мәдениет және спорт министрлігін миллиардтарды желге ұшырды деп айыптады

«Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов Мәдениет және спорт министрлігінің балансындағы сақалды құрылыстарды сынға алды.

"Мемлекет тарапынан спорттық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа дене шынықтыру және сауықтыру нысандарын салуға жыл сайын миллиардтап қаражат бөлінеді. Алайда, бұл ақшаның барлығы құмға сіңген су секілді жоқ болып кетуде", – деді Қайырбек Сүлейменов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті жиынында.

Оның айтуынша Қазақстан спорты дегенде көз алдына бірден сақалды құрылыстар келеді екен.

"Алматыдағы Республикалық олимпиада спортшыларын дайындау базасы 11 жылдан бері салынып келеді. Құны – 37 млрд теңге. Щучинск қаласындағы Республикалық шаңғы спорты базасының салынып жатқанына 12 жыл болды. Мұндай мысалдар елімізде жетіп артылады. Құрылысты не үшін соза береді? Нысанға қажетті қаражат анықталады, бөлінеді. Артынша ұрланады. Ақша таусылған соң құрылыс та тоқтайды. Жаңа команда келеді де тағы ақша сұрайды. Бір ғана нысан (Щучинсктегі шаңығ спорты базасы) алғашында 9 миллиард теңге тұрған, қазір оның құны 28 миллиард теңгеге жетті. Сондағысы 5 жылда осындай өзгеріс болыпотыр. Мұның бәрі не үшін жасалып отыр? Әрине, мемлекеттің қаржысын ұрлау үшін", – деді ол.

Қайырбек Сүлейменов Мәдениет және спорт министріне құрылысты уақытылы жүргізбеген компанияларды анықтап, оларды жазалауды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары