$ 444.22  476.38  4.82

Сарысу өзенінде балықтар қырылып жатыр

Жезқазған маңындағы Сарысу өзенінде балықтар жаппай қырылып жатыр деп хабарлады КТК телеарнасы. Мұны растайтын бейнежазбаны балықшылар түсіріп, ғаламторға салған. Осыған байланысты Қарағандыдан Ұлытау ауданына экологтар мен аңшылық және хайуанаттар әлемі аумақтық басқармасының өкілдері аттанды.

Балықшылардың айтуынша, осы маңдағы алтын және күміс өндіретін зауыттан аққан қалдықтар сумен араласып жатыр екен. Соның кесірінен Сарысу өзенінің бойы мынадай өлген балықтарға толып кеткен. Бейнежазбаға зер салсақ, өзендегі балықтардың көптеп қырылып жатқаны байқалады. Ғаламторға түнде жарияланған жазбадан кейін осыған жауапты органдардан арнайы топ құрылып, олар Ұлытау ауданына кетті. Ал судағы тіршілік иелерінің неден өлгені арнайы сараптамадан кейін анықталады. 

Андрей Ким, Қарағанды облыстық аңшылық және хайуанаттар әлемі аумақтық басқармасының басшысы:

Алдымен балық қырылып жатқан жерді табуымыз керек. Бейнежазбаны таратқандармен хабарласып, оны білеміз. Біздің мамандар қырылған балықтың көлемін анықтайды. Одан кейін өзен суы мен өлген балық Қарағандыға сараптамаға жеткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары