$ 444.22  476.38  4.82

Астанада 1800-ге жуық адамды ит пен мысықтан зардап шеккен

Жыл басынан бері қалада 1800-ге жуық адам үй жануарлары мен иесіз жануарлардан зардап шекті. Ит пен мысықтан зардап шеккендердің 37,7% 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана ветсервис» ЖШС-нің мәліметіне сәйкес зардап шекккендердің 60 пайызын қаңғыбас ит қапқан.

«2017 жылдың басынан бері қала бойынша мысық тырнап, ит қапқан 1 777 оқиға тіркелді. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген. Өткен жылы осы кезеңде 1838 оқиға тіркелген болатын», - деді Астана ветсервис өкілі қалалық әкімдікте өткен аппарат отырысында.

«Астана ветсервис» ЖШС бүгінге дейін 5457 қаңғыбас ит пен 569 мысықты аулады. Мамандардың айтуынша, қаладағы қаңғыбас ит-мысықтардың көбеюі ескі және апатты деп танылған тұрғын үйлерді сүру кезінде орын алуда. Атап айтқанда, тұрғындар үйлерінен көшкен кезде ит-мысықтарын қараусыз қалдырып кететін көрінеді. Салдарынан иесіз ит-мысықтар саны артуда.

Бұл мәселеге қатысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев тиісті басқармаларға тапсырма жүктеді.

«Тұрғын үй басқармасы апатты жағдайдағы үйлерді күреу және тұрғындарды көшіру кезінде үй жануарларының бар-жоғын анықтап, қажет болған жағдайда тізімін жасау керек, яғни тұрғындарға ит-мысықтарының қайда және қалай тапсыруға болатыны туралы ақпарат берілуі тиіс», - деді Астана әкімі Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, әкім Жергілікті полиция қызметіне қолданыстағы заңға сәйкес иттер қараусыз жүрген болса иесіне ескерту жасау, ал адамды қапқан жағдайда айыппұл төлету керектігін айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары