$ 446.49  475.38  4.79

Қоғамдық келісім – мемлекет дамуының кепілі

Тараздағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қоғамдық келісім – мемлекет дамуының кепілі» тақырыбында брифинг өтті. Жиынға ҚХА Жамбыл облысы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева және Жамбыл облысы әкімі аппаратына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Рано Убайдуллаева қатысып, белгіленген тақырып аясында ой өрбітті.

Спикердің сөзіне сүйенсек, қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтау – алдымызға қойылған ортақ міндет екені белгілі.

Бұл бағытта облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және 26 этномәдени бірлестіктер мақсатты жұмыс жүргізіп келеді. Облыс ассамблеясының құрамы 216 адамнан жасақталған.

Ассамблея мүшелері қоғамдық-мәдени шараларға, саяси науқандарға белсене қатысып жүр. Олар ақпараттық топтардың құрамында идеологиялық жұмысқа тартылып, мемлекеттік саясатты насихаттауда.

Облыс ассамблеясының жұмысын хатшылық үйлестіреді. Хатшылық тарапынан этномәдени бірлестіктердің қоғамдық – саяси шараларға қатысуы бойынша жылдық күнтізбелік жоспар әзірленеді.

Конфессия және этносаралық қатынастарды нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында 2017 жылға арналған кешенді іс-шаралар тізбесі бекітілген. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін барлығы 90 іс-шара өткізу жоспарланған.

Жалпы, облыс ассамблея қызметін қаржыландыруға 93,0 млн теңге қаралған. Бұл қаржының бағдарлама әкімшісі болып «Қоғамдық келісім» КММ табылады.

Облыста қоғамдық келісім мен этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға арналған 11 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Бұл мақсатқа 15,0 млн теңгеден астам қаржы қаралған.

9 айда облыс ассамблеясының ұйытқы болуымен 70-тен аса түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Өткізілген іс-шаралардың идеологиялық мазмұны «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың тұжырымдамаларына негізделді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіретін өңірлік офиске облыс ассамблеясы тарапынан 2 әлеуметтік жоба ұсынылды. Оның біріншісі «Ұлы дала қазыналары», екіншісі «Жамбыл облысындағы этностардың мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған энциклопедия жинағын шығару» және интерактивті карта әзірлеу».

Жобаларды 2018-2022 жылдар аралығында жүзеге асыру көзделуде. Жоба қаржыландырылған жағдайда, екі жобаның қорытындысы бойынша 800 дана энциклопедия шығару, деректі фильм түсіру, қылқалам, қолөнер шеберлерінің сирек материалдарын жарыққа шығару көзделуде.

Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын іске асыру мақсатында «Өз өлкеңді таны» экспедиясы ұйымдастырылды. Аталмыш экспедиция 400-ден астам түрлі этнос жастары арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін дәріптеуге бағытталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс ассамблеясы Қазақстанның, өңірдің дамуын, қоғамдағы келісім, қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, еңбек адамын суреттейтін 4 әлеуметтік ролик әзірледі. Аталған роликтерді жергілікті телеарналарда көрсету жоспарланып отыр.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына кандидаттарды іріктеу облыс ассамблеясының тікелей атсалысуымен жүргізілді. Кандидаттарды іріктеу жұмыстары жариялы әрі әділетті жүргізілуі үшін құрамында зиялы қауым, қоғамдық бірлестік өкілдерін, мәслихат депутаттары енгізіліп жұмыс тобы құрылған болатын.

Ұсынылған 253 кандитаттардың құжаттары жұмыс тобымен қаралып, 78 үміткердің құжаттары республикалық комиссияның қарауына жолданды.

- Сонымен қатар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына кандидаттарды іріктеу 100esim.el.kz порталы арқылы жүргізілді. Онлайн анкеталар қабылдау 15 қыркүйекте аяқталды. ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, «Бүгінде іріктеу арқылы 515 үміткер іріктелініп алынды. Ендігі кезекте арнайы комиссия 515 үміткердің ішінен 300 адамды одан ары дауыс беру үшін таңдап алады және олар бұқаралық онлайн-дауыс беруге жіберіледі. Қазақстанның жаңа 100 есімдерінің арасында біздің жерлестеріміздің де есімдері аталатынына үміт артамыз,- деп баяндады Маржан Қожаева.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары