$ 446.49  475.38  4.79

Астанада бір айлық жол жүру билеті жойылатын болды

Олардың орнына бірыңғай көліктік карталар қолданылатын болады. Жаңашылдық енгізілгенімен, тариф құны бұрынғы деңгейінде қалады. Ал картасын алдын ала 3 айға толтырғандарға айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған деп мәлімдейді елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

2018 жылдың басынан Қазақстанның астанасында қоғамдық көлікпен жүруге арналған дәстүрлі бір айлық қағаз билеттердің сатылымы тоқтатылады. Олардың орнына жаңа «айлық жол жүріс» тарифі енгізіліп отыр. Оны елордадағы барлық қоғамдық көліктермен жүруге арналған бірыңғай көліктік картасына ақша жүктеу арқылы толтыруға болады. 

Қала ішіндегі бағыттар бойынша тарифтің құны бұрынғы – 7500 теңге, қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердегі айлық тариф – 9500 теңге көлемінде қалмақ. 

«Сондай-ақ, жолаушы көліктік картасын алдын ала 3 айға толтырса, баға 22 500 теңге емес, 20 мың теңгені құрамақ. Көліктік карта да оған тегін беріледі. Аталмыш жаңашылдық жолақысын төлеудің электронды жүйесіне толықтай көшудің маңызды кезеңі болып табылады. Көліктік картасы жоқ азаматтар оны мамандардырылған кассаларда немесе RTVM-автоматтары арқылы сатып ала алады. Картаны, сондай-ақ, мамандандырылған кассалар мен RTVM-автоматтар арқылы, QIWI мен Касса24 терминалдары арқылы толтыруға болады. Соңғы терминалдардың мобильді қосымшалары мен веб-сайты бар», – деп атап өтті «Астана LRT» ЖШС-де. 

Серіктестіктегілер байланыстары көрсетілмеген көліктік карталар уақыт өте келе, жол ақысын төлеудің кең таралған құралына айналады есептейді. Карта иесі оны үнемі өзімен алып жүруі тиіс. Оны жеке кабинет арқылы да толтыруға болады. 

Электронды картаның өзі 400 теңге тұрады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі .  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары