$ 443.35  475.54  4.82

Метро күтіп тұрған бойжеткенді итеріп жіберген әйел бақылау камерасына түсіп қалған (ВИДЕО)

 Видеода орта жастағы әйелдің жап-жас қызды айуандықпен итеріп жібергені анық көрінеді. Тіпті платформадан шыққысы келген бойжеткенді аяғымен теуіп, жол жиегіне жібермей қояды.

Белгілі болғандай полицейлер әйелдің 36 жаста, аты-жөні Магдалена Шербан екенін анықтаған. Алғашында «қыз өз-өзіне қол салған» деп болжаған құқық қорғаушылар тергеу барысында жағдайдың мүлдем басқалай болғанына көз жеткізеді.  

Оқиға Бухарестегі Dristor 1 метро бекетінде болған. Магдалена Шербан дәл осы күні тағы бір қызды да теміржолға итерген. бірақ, ол қыз аман қалған.  Қазір Шербан қамауға алынып, сотқа дейін абақтыда отыр. Жасаған ісіне әлі жауап бермеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео