Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні «Халық арена» мұз сарайында ерекше шоу бағдарламасы бар мерекелік концерт ұйымдастырылды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, Елбасы саясаты мен шешімдерінің негізі халықтың мүддесі мен жақсы тұрмысы болғанын атап өтті.
«Барлық кезеңдерде, әсіресе қиын сәттерде әр халықтың тығырықтан алып шығатын әрі түрлі ұлтты ұлы мақсат жолына біріктіретін, тарихи кедергілерді жоя білетін көшбасшысы болғаны ақиқат. Біздің еліміздің осындай кемеңгер жалпыұлттық Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасы заманауи қазақстандық мемлекеттің іргетасын қалады және нығайтты, дағдарыс жылдары елді түрлі сынақтан алып шықты, нарықтық экономиканы, демократиялық институттарды құрды. Елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтасыз етті», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Алматы әкімі Мемлекет басшысының аса зор халықаралық беделі арқасында ең маңызды мәселе, бүгінгі және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік шекараның бекітілгенін қадап тұрып айтты.
«Жастар – Қазақстанның болашағы, олар біздің Тәуелсіздігімізді сақтауы және одан әрі дамытулары тиіс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған бәсекеге қабілеттілік, ашықтық, празматизм, білім культі біздің басты қағидаларымыз болсын», - деді мегаполис әкімі.
Өзінің құттықтау сөзінде Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының тұрақты қолдауы арқасында Алматының дамып, ірі жетістіктер биігінен көрінуін ерекше атап өтті. Қаланың басты көшелерінің біріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті есімінің берілуі қалалықтардың Елбасыға деген құрметін, алғысы мен ізгі ниеттерін білдіреді.
Бүгін «Халық Арена» сахнасында шығармашыл ұжымдар өнер көрсетті, отандқө эстрада жұлдыздары Камшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан, Айдана Меденова, Нұржана Керменбаев, Әли Оқапов, «Alau», «Aumi», «Assyl» және басқалары патриоттық әндерді орындады.