$ 450.79  482.21  5.05

Қазақтың «Төлегені» Құман Тастанбеков дүниеден озды

Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Құман Тастанбеков дүниеден озды. Бұл ақпаратты М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі растады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін өкініштісі, Құман ағамыз дүниеден өтті. Қоштасу рәсімінің уақыты әлі белгіленген жоқ. Құман ағамыз 1969 жылдан бастап, М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет етіп келген», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Құман Тастанбеков 1945 жылы бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері.

Артист көптеген кино және театр қойылымдарда басты рольдерді сомдаған. Ол бүкіл қазақ халқына «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген ролімен танымал болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары