ҚР Тұңғыш Президентінің күні және Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көшпелі көрме ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Алматыда Тұңғыш Президент күні қарсаңында аса маңызды мұндай шараны өткізу қала тұрғындары үшін үлкен құрмет. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, оның орасан жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлының атымен тығыз байланысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - біздің заманауи мемлекетіміздің іргесінтасын қалаушы. Елбасының басшылығымен жүріп жатқан ауқымды экономикалық, саяси, және рухани жаңғыру Қазақстаннның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз етеді. Елбасының тұрақты қолдауы арқасында Алматы ел экономикасының бестен бір бөлігін беретін Орта Азиядағы ірі мегаполис ретінде даму үстінде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлға ретінде құбылысы, яғни феномені зор тарихи шешімдерді қабылдауынан көрінеді, олар: Тәуелсіздікті жариялау, Конституцияны қабылдау, астананы көшіру және көптеген басқалары», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Орталық мемлекеттік мұражайда Мемлекет басшысының жеке архивінің, жеке кітапханасының және музейінің материалдары мен түрлі жәдігерлері қойылған. Көрме барысында экскурсиялар,конференциялар, шеберлік сыныптары, семинарлар мен концерттер өтеді.
«Бұл көрмеге барынша құнды экспонаттар мен өнер туындылары, Тәуелсідік жылдары Президентіміз қол қойған маңызды құжаттардың түпнұсқасы, Тәуелсіздіктің тарихи кезеңдерін қамтыған фотоматериалдар қойылған. Сонымен қатар, Президентімізді ұлықтаған 50 шетелдік мемлекеттің жоғары марапттарын көруге болады. Қолтаңба қойылған бағалы әрі сирек кездесетін кітаптар да осында. Біз көрмені 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін ұзартуды қарастырудамыз, оған кемдегенде 50 мың алматылық келеді деген үміттеміз»,- деп атап өтті Президенттің жеке кітапханасы директорының міндетін атқарушы, Президент Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков.
Көрме 4 бөлімнен тұрады:
«Көшбасшы жолы» бөлімі ҚР Президентінің өмірбаянын,«Көшбасшы феномені» бөлімі мемлекеттің құрылыстың қалыптасу және даму концепциясын, «Президент наградалары – халық құрметі» бөлімі жоғары мемлекеттік наградаларды, «Әлем таныған көшбасшы» - ҚР сыртқы саясатын қамтиды.
Айта кетерлігі, көрме 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады.