$ 448.15  483.46  4.86

Елбасы күніне орай Алматыда «Кемел келешек кілті» атты деректі фильм көрсетілді

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай еліміздің барлық өңірінде түрлі іс-шаралар өтуде. Айтулы мереке қарсаңында Алматыда да бірқатар шаралардың легі өтіп жатыр. Солардың бірі қаланың барлық аудандарында ұйымдастырылған «Кемел келешек кілті» атты деректі фильмнің көрсетілімі.

Туынды қаланың барлық аудандарында ел назарына ұсынылды. Онда тәуелсіздік алған уақытқа дейінгі Қазақстан мен егемендік алғаннан кейінгі кезең көрсетілген. Биыл 6-шы рет тойланып жатқан атаулы датаға Алатау және Наурызбай ауданы ерекше дайындалыпты. Салтанатты шараларға қатысқан жастар елбасыға жүректен шыққан өлең шумақтары мен әндерін паш етті.

«Әбішұлының еңбегі біздің Қазақстанда өте жоғары деп білеміз. Ол кісінің алғашқы алғы Семей полигонын жабуы бұл дүниежүзіне Қазақстанды әйгілі етті», - деді Алматы қаласы Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құдайберген ҚАБДОЛДИН.

Сондай-ақ, Түрксіб, Жетісу және Бостандық аудандары да «Тұңғыш Президент» күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырды. Белсенді жастар күмбірлетіп күй төгіп, мың бұрала билеген бүлдіршіндер халықтың ыстық ықыласына бөленді. Түрксіб ауданының тұрғыны, суретші Болат Хамзин он саусағынан шыққан туындыларды Елбасы күніне арнауды жөн санапты.

«Мұнда менің 30 шақты туындым қойылған. «Астана бейнесіндегі жас Президент» деп аталатын туындым еліміздің рекордтар кітабына енген болатын. Содан бері мен еліміздің тарихын, салт-дәстүрін, ауыл тынысын бейнелеуді қолға ала бастадым», - деді ҚР суретшілер одағының мүшесі, Болат ХАМЗИН.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары