$ 498.55  524.28  4.75

Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай көшпелі көрме ұйымдастырылды

Елбасының өмірі мен оның саяси қызметіне арналған көшпелі көрмеге 30 мыңға жуық алматылық келген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған шарада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты біз білмейтін қырынан тануға болады. Оған Дәлел Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейіне қойылған 700-ден астам жәдігерлер.

4 бөлімге орналастырылған көрмеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан бастап, мемлекет басшысы болғанға дейінгі сәттерді тамашалауға болады. 700-ден аса жәдігерлердің әрқайсысы тарихтан сыр шертеді. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстан мен оның қызметін елімізде ғана емес, әлемдік сарапшылар да байланыстырып келеді. Қарапайым отбасынан шыққан ол, бойына қазақылықты сіңіріп өскен. Көрме залына кірген сәтте назарымызға Президенттің тегінен хабар беретін шежіре мен жас кезінде, ата-анасының тұтынған заттары түсті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын да Елбасы өскен ортасына, алған тәрбиесіне сүйене отырып құрастырған деседі жауаптылар.

«Сол бағдарламаның бір қырларын да ашады деп мен есептеймін. Өйткені, біздің Елбасымыз өзі де сол қазақтың дәстүрлі болмысымен, дәстүрлі өмірімен өзінің өмірі жалғасып жатқан жағдайда, яғни ол кісі өз бойына сіңіріп өскен тұлға. Сондықтан, әрине, тек қана солай қалыптасқан адам осындай ауқымды стратегиялық бағдарламаларды өзінің тамырынан алады»,-деді ҚР мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары, Ғалия ТЕМІРТОН.

Мектеп қабырғасында жүріп-ақ үлгілі оқушы болған болашақ президенттің аттестаттары мен дипломдарын, алған марапаттарын да көруге болады. Ал мемлекет басшысы болғаннан кейін, Қазақстанның әлемдік аренада бейбітшілікті қолдайтын ел екендігін көрсеткен тұсы ол - ядролық қарудан бас тарту мен Невада-Семей палигонының жабылуы еді. Мына марапат алтын мен апталып, күміспен қапталмаса да, ел үшін маңызы зор. 

«Елімізде Семей полигоны жабылғаннан кейін, артынша АҚШ-тағы Невада, Қытайдағы Лабнор, Новая земля полигондары жабылды білесіздер. Ал 2010-шы жылы АҚШ-тың астанасы Вашингтонда әлемнің 47 мемлекеті қатысқан үлкен жиын болды. Онда атом қаруының лаңкестердің қолына түсіп қалмау мәселесі сөз болды. Біздің Елбасымызға сол кезде бейбітшілік және преметивті дипломатия премиясы ұсынылды»,-деді ҚР мемлекеттік орталық музейінің қызметкері, Нұржан МЕҢДІБАЕВ.

Көрменің мына бұрышы Астанаға арналған. Яғни, Алматыдан Ақмолаға ауыстыру мәселесі барлығы осы жерде көрсетілген. Егер байқап қарайтын болсақ, Елбасының 1997-ші жылы жазылған жоспарын да байқауымызға болады. Бұл жерде Ақмолаға астананы ауыстыру мәселесі ондағы инфрақұрылымды, жекешелендіру мәселесі осы жерде көрсетілген. Сонымен қатар, барлығымызға белгілі ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Елорда төрінде дүркіретіп өткіздік. Осы шараны өткізу бақыты бұйырған кезде түрлі ел басшылары біздің Елбасыға құттықтау хаттарын жолдаған. Ол да осы жерден орын тепкен.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі Алматыда қаңтар айының 14-іне дейін өткізіледі. Одан соң республиканың басқа аймақтарына да бармақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары