Бүгін Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан халқының тарихы мен дәстүрлері» фестивалі өтті. Іс-шара аясында мерекелік дастархан жайылды және концерттік бағдарлама дайындалды. Концертте этномәдени бірлестіктердің өнер ұжымдары өз өнерін көрсетті.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Хамедов Абилфас Муслимович, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен жастар қатысты.
Іс-шара Хамедов Абилфас Муслимовичтің сөзінен бастау алды, ол қатысушыларды келе жатқан мейраммен құттықтап, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айтып, еліміз бен халқымыздың өрлеуіне ықыластылығын білдірді.
Келесі сөз республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағаларына берілді. Олар, өз кезегінде, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтап, оның дамуына сіңірген еңбегіне алғыс білдірді.
Әрі қарай түрлі этнос өкілдерінен құралған әншілер, бишілер мен өзге де өнерпаз топтардан тұратын концерттік бағдарлама басталды. Осы күні Алматыдағы Достық үйінде мерекелік атмосфера, қуаныш, достық пен бірлік орнағанын айта кеткен жөн болады.
Айта кетейік, Қазақстан халқы ассамблеясының Алматыдағы өкілдігі аса белсенділігімен ерекше. Алматыда өтетін әрбір маңызды шаралардың басы-қасында ҚХА өкілдері көрініп, қаланың оғамдық өміріне де атсалысып келеді. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері мұнда жыл сайын түрлі мәдени, рухани шаралар өткізіп, қайырымдылықты да естен шығарған емес. Атап айтқанда, Үлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагерлерде көмек қолын созса, жаңа оқу жылы қарсаңында қала әкімдігі ұйымдастыратын «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып, жағдайы төмен отбасы балаларын керек-жарақпен қамтамасыз етеді.