$ 498.34  519.72  4.85

ҚХА-ның Алматы қалалық өкілдігі жылды қорытындылады

Бүгін Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің 2017 жылғы жұмысын қорытындылау жиыны өтті. Дөңгелек үстел форматындағы басқосуды Алматы қаласы ҚХА хатшылығымен және Алматы қаласы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ мен Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің ұйымдастырған.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы ҚХА мүшелері, Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі мүшелері мен республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, Алматы қаласы этномәдени бірлестіктердің белсенділері, шақырылған өзге де қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында аты айтып тұрғандай қоғамдық ұйымдардың жыл бойына атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Атап айтқанда, Алматы қаласы Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің жұмысы талқыланды, аудандық кеңес төрағаларының есептері тыңдалды, 2017 жылдың жалпы жұмысы қорытындыланып, 2018 жылға әзірленген жоспар талқыға түсті.

Дөңгелек үстелдің модераторы болған Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Абдулла Исматтуллаев биыл алматылық этно-мәдени бірлестіктер қайырымдық шараларды көптеп өткізгенін, сондай-ақ, салт-дәстүр мен тілді, дінді дәріптейтін шаралардың аз болмағанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан Қазақстан халқы фссамблеясы төраға орынбасары Хамедов Абилфас Муслимович,  Алматы қаласы ҚХА хатшылық меңгерушісі Балғымбаев Назар Албанұлы, Алматы қаласы Қоғамдық келісім кеңесінің төраға орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович, «DICOSTA TECHNOLOGIES LTD» компаниясының президенті Серазетдинов Александр Дугласович, Әуезов ауданы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Умаров Шавкат Ниязович баяндамаларын оқыды.

Іс-шара соңында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай, Алматы қаласы Қоғамдық келісім белсенді мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне мемлекеттік наградалар мен төс белгілері тағылып, Қазақстан халқы ассамблеясының Алғыс хаттары табысталды.

Айта кетейік, биыл ҚХА-ның Алматы қалалық өкілдігі қоғамдық жұмыстарды атқаруда ерекше белсенділік танытты. Мәселен, Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагерлерге көмек қолын созса, көктем мен жаз бойы қаланы көгалдандыруға атсалысып, саябақтарды тазалады. Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясында да мұқтаж жандардың балаларын мектепке дайындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары