$ 442.05  474.14  4.74

Әуезов ауданында Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай бүгін Алматының Әуезов ауданында мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Алтай Рақымбаев жергілікті тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, ауданның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мерекелік жиын Н.Сац атындағы Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрында өтті және оған ауданның құрметті азаматтары, мемлекет қызметте жүрген мамандар, мұғалімдер мен дәрігерлер және қарапайым тұрғындар қатысты.

Алтай Рақымбетов өз сөзінде айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігін атап өтті. «Бүгінгі күн қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, бүкіләлемдік тыныштыққа, дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімге, дүниежүзілік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосып, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды, елдің болашағын айқындап, экономиканың өрлеуіне ерекше серпіліс берді. Ел тізгінін ұстаған Елбасымен еліміздің болашағы баянды болатынына сеніміміз мол», - деп, ол аудан дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мақтау әкімнің алғыс хаттарын табыстады. 

Мемлекет қайраткері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің саяси егемендігін қалыптастыруда, экономикалық нарықтық қатынастың дамуында, саяси және әлеуметтік әділеттілікті орнатуда, халықаралық саяси тереңдікпен қарым қатынас жасай білуі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің шынайы көшбасшылық келбеті.

«Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық келісімдегі тұрақтылық пен мықтылықтың қоғамдық өмірдегі үнемі экономикалық дамуды көздейтін ғылым мен мәдениеті біршама шарықтаған алдыңғы қатарлы мемлекет болып қалыптасып үлгерді. Елбасымыздың жан-жақты саясатының арқасында, біз әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғарғы шыңдарына қол создық», - деді аудан әкімі өз сөзінде.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президент күні елімізде 2011 жылдан бері аталып өтіп келеді. Әр жылдың 1 желтоқсанында бүкіл ел Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан елеулі еңбегі туралы баяндап,  Елбасы туралы көрмелерді, фильмдерді тамашалайды.

Ал бүгінгі мерекелік шара соңында аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары