Бүгін Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Наурызбай ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың басты мақсаты – ерлі-зайыптылардың арасындағыдау-дамай мен тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін психологиялық тұрғыдан және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс әрекет ету.
Отырысты Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Пірәлиев Балтөре Әбдіханұлы ашты.
«Алматы қаласында жыл басынан бері 2600-ден аса әйел зорлық-зомбылық көргенін айтып полицияға шағымданған. Бұл арыздар бойынша қорғау нұсқамалары беріліп, 700-ден аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дау-дамайдың соңы адам өліміне әкелетін жайттар да болады. Жыл басынан бері осындағы 20 дерек тіркелген. Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар, оның 2-і Алматыда орналасқан. Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметтерге қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Осы деректерге сүйене отырып, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, зорлықтың алдын-алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарын өткізу қажет болып табылады», - деп атап өтті Б.Пірәлиев.
Аталмыш отырыста Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша инспекторы Ахметова М.М., «Аналар үйінің» үйлестірушісі Джаппуева А.С, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы – комиссия төрағасының орынбасары Кужамбердиева Ж.Н., Наурызбай аудандық №36 Қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Османова А.Г. баяндама жасады.
Отырыс барысында «Наурызбай ауданы бойынша 2017 жылы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген отбасылар», 2017 жылы «Аналар үйіне» орналастырылған әйелдер туралы», «2017 жылы курс оқыған және жұмысқа тұрғызылған әйелдер туралы» және «2017 жылы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көрсетілген медициналық көмек» атты баяндамалар оқылды.
Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары Балтөре Әбдіханұлы ауданымыздың Ішкі істер басқармасына зорлық-зомбылық мәселесі аясында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарын жасау мен ауданға қарасты қоғамдық орындарында, білім мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді талап етіп, тапсырмалар берді.