$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде автомобиль газының бағасы күрт қымбаттады

Елімізде сұйытылған газ бағасы бірден 13 пайызға қымбаттады. Бұған әлемдік нарықта көгілдір отын құнының өсуі себеп болып отыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Сұйылтылған отынды өндіріп отырған Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында  литрі 45-50 теңгеден сатылған газ жыл басынан бері 55, кейбір жерлерде тіпті 65 теңгеден саудалануда. Өйткені Энергетика министрлігі бекіктен тарифке сәйкес сұйылтылған отынның көтерме бағасы 4 мың теңгеге қымбаттап,  38 мың 700 теңгені құрап отыр. Ал ТМД елдері бойынша теңестіретін болсақ, көгілдір отынның тоннасы кемі 52 мың теңге тұруы керек, - дейді министрліктегілер. Бұған тасымалдау мен қосымша құн салығын қосыңыз. Тұтынушыға жеткенше ең арзан отынның түрі шарықтап шыға келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары