$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда жылу бағасы өсті

Атырауда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жылудың тарифі 1,4%-ға артты деп жазады ҚазАқпарат.

«2015 жылы Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаменттің бұйрығымен Атырау ЖЭО АҚ-ның жылу энергиясына қойылатын шектік деңгейлері бекітілген болатын. Ол тарифтер 2016-2020 жылдарға бекітілген. Бекітілген деңгейлерге сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жылудың тарифі жылу есептегішін қойған тұрғындар үшін 1 гкал бағасы 3752,97 теңгеден 4181,64 теңгеге дейін, есептегіш орнатпаған тұрғындар үшін 1 шаршы метр баспана үшін 126,47 теңгеден 128,24 теңгеге дейін көтерілді. Ал 1 текше метр суық суды жылыту құны 195,57 теңгеден 198,31 теңгеге дейін, яғни орташа 1,4%-ға өсті»,– дейді Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент басшысының міндетін атқарушы Болат Сүлеғалиев.

Монополияға қарсы күрес департаментіндегілердің айтуынша, тарифтің артуы Атырау ТЕО-ның 2016-2020 жылдарға көзделген жалпы құны 1 млрд 18 млн теңге болатын инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруына байланысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары