$ 443.35  475.54  4.82

Ресейлік секс-коуч: «Қыздардың неке түніне дейін пәктігін сақтау ұғымын қоғамнан жою керек»

Ресей елінің белгілі секс-коучы Елена Рыдкина қазақ дәстүрінде ықылым заманнан бері келе жатқан қыз абыройы жайлы сөз қозғады. Оның пікірінше қоғамда «қыздар пәк болып тұрмысқа шығу керек» деген түсінік барып тұрған бассыздық көрінеді.

Осы ретте Рыдкина қоғамда қалыптасып қалған түсінікті өзгертуге күш салатынын айтты.

«Мәселен, мен жыныстық қатынаспен 18 жасымнан бері айналысамын. Яғни 18 жасқа толса, төсек қатынасы жайлы сөз еркін талқыланады. Бұл қазіргі жастардың арасында болып жатқан нәрсе. Ал, қыз баланың тұрмысқа пәк болып шығу керек деген түсінік меніңше дұрыс емес. Біреуі ерте, енді бірі кеш отбасын құрады», – дейді Елена Рыдкина informburo.kz сайтына берген сұхбатында.

Қазақ қызды қырық үйден тый деген. Бойжеткен қызы бар үйге туысы болса да ер адамды қондырмаған. Жеңгелері қызды қорып, басқан адымына дейін аңдып отырған. Қыз - болашақ тәриешісі деген түсінік бар. Қыздың абыройы - ел-жұрттың абыройы. Бұл біздің ертеден келе жатқан қанға сінген менталитетіміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары