$ 494.87  520.65  4.91

Заңгер: «Зағипа ханым, сіз зорланған бала жайлы кино түсіріп жүрсіз бе?»

Шымкенттік заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек сарыағаштық 7 жасар бала мен оның туғандарын ОҚО-ға қайтаруды сұрап отыр. Оның пікірінше, белгілі бір тараптардың арасындағы текетірестен тек бала ғана зардап шегеді. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазған.

«Әбден күресіп біттіңіздер ме баланы ермек қылып? Болды доғарыңыздар, рақмет! Араларыңызда қандай дау болып жатқанында жұмысым жоқ, бірақ баланы қорлауға болмайды. Оңтүстік жұртын қаралауды доғарыңыздар! Зағипа ханым, баланы әркімге көрсетіп, сіз зорланған бала жайлы кино түсіріп жүрсіз бе? Неге бұл істі ушықтырып жібердіңіздер? Баланың психолигиясына әсер етіп жатқандарыңызбен жұмыстарыңыз бар ма?» - дейді Айгүл Орынбек әңгімесінің басында.

Ол сондай-ақ Бас прокурордан өзін қылмыстық іске қоғамдық бақылаушы ретінде қатыстыруын сұрады.

«Бас прокурор Қ.Қожамжаров назарына! Жеті жасар баланың ісінде мені заңды анасының заңды өкілі ретінде танып, қылмыстық істің әділетті жүруіне қоғамдық бақылаушы ретінде қатыстыруыңызды сұраймын! Былтыр жасөспірімдерге қатысты жабылып кеткен екі істі қоғаммен көтеріп, сотқа жеткізіп, 12 жылға қаматқан болатынбыз. Бала зорланған деп айта берсек, ертең ол өз анасын да көргісі келмей кетеді. Халықтың күшін саясаттағы өз жеке бас пайдаларыңызға пайдалануды қойыңыздар» - деп жазды заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева зорланды деген 7 жасар баланы Астана әкеліп, оған осында сараптама жасатпақшы. Яғни, зорланғаны туралы ақпараттың рас-өтірігін тексереді. Алайда, ондаған жыл бойы қайырымдылықпен айналысып келе жатқан белсенді Аружан Сайын баланы Алматыға алдырып, тәуелсіз экспертиза жасату керек дегенді айтып отыр.
Ал, бүгін Арнайы прокурор ОҚО-да зорланды делінген жеті жасар балаға қатысты істі өндіріске қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары