$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда көпқабатты үй өртенді

Алматыда "Көкжиек" ықшамауданында орналасқан көпқабатты үй өртеніп, 300 адам эвакуацияланды деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитетіне сілтеген жергілікті агенттіктер.

Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің ақпаратына қарағанда, сағат 16:03-те "Көкжиек" ықшамауданындағы №32 үйде орналасқан пәтердің балконынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барып, көпқабатты үйдегі өртті сөндіруге кіріскен.

Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері жариялаған видеолардың бірінде алты қабатты үйдің орта тұсында екі қабаттың өртеніп жатқаны, тағы бір видеода жоғары қабаты жанып жатқаны көрінеді.

Дереккөз: Azattyq.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #өрт