$ 442.05  474.14  4.74

Алматыдағы дөнер асханасында өрт шықты (ВИДЕО)

Алматыда дөнер асханасы мен банкет зал өртеніп кетті деп хабарлайды Алматы ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

«Сағат таңғы 06:06-да Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Жетісу ауданы Геологтар көшесі №1 Б мекен-жайында орналасқан дөнер асханасы өртеніп жатыр деген хабарлама келді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 06.14-те жетті. Дөнер асханасында шыққан өрт бір қабатты «Достар» банкет залына дейін жеткені анықталды. Өрт сағат 06.56-да ауыздықталып, сағат 07.15-те сөндірілді. Өрттің аумағы – 70 шаршы метр», – деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары