Белгілі продюсер Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек рамазан айы қарсаңында көпшілікке жақын құрбысын таныстырды. Досының суретін блогер Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.
«Бұл менің ең жақын құрбым. Екеуміздің пайым-түсінігіміз, көзқарасымыз мүлде бөлек. Соған қарамастан бір-бірімізді өте жақсы көреміз әрі пкірімізді құрметтейміз.
Айтқандай, биыл ауыз бекітпеймін. Сіздерді Рамазан айымен құттықтаймын. Оразаларыңыз қабыл болсын!», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогердің иманды құрбысының сырт келбетін Айсәулеге ұқсатты.
«Құрбыңыз сұлу екен. Екеуіңіздің бір жерлеріңіз ұқсайтын сияқты», «Құрбыңыз ауыз бекіткен шығар?», «Иманды қыз екені көрініп тұр. Керемет отырыс», – деп пікір қалдырды олар.