$ 444.22  476.38  4.82

Кәріс не араб: Бойжеткен қазақ жігіттеріне тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтты

Айдана есімді қазақ қызы эфирге шығып, қазақ жігіттеріне не себепті тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтты.

“Менің қазақ жігітіне тұрмысқа шыққым келмейді. Қазақ жігіттері дөрекі, қызды сыйлауды білмейтін, өз басын ғана ойлайтын адамдар. “Үйленгенше жаным дейді, үйленген соң жаныңды жейді” деген сөз нақ соларға айтылған. Басқа ұлттың азаматтары секілді әйел затын сыйлауды білмейді”, – дейді ол Евразия арнасының “Әйел сыры” бағдарламасында.

Айдана қазақ жігіттерінен не себепті көңілі қалғанын өз басынан өткен оқиғамен байланыстырды.

“Қазақтың бір жігітімен кездесіп жүрдім. Кейін үйленетін болғанда өзгере бастады. Үйде отырасың, бала қарайсың деген әңгімелер айтты. Қазақ әйелдері көбіне өзін ойламайды. Балалары үшін өз бақытын ойламайды. Бастысы күйеуім асырап отыр деп, сүймеген жанмен өмірін өткізеді. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Сондықтан мен мұсылман азаматына, болмаса араб, түрік не кәріс жігіттерге тұрмысқа шыққым келеді”, – дейді Айдана.

Оған актер Әсет Иманғалиев қарсы пікір айтты.

“Сен қазақ жігіттерін дөрекі, әйелді сыйламайды деп сынап отырсың. Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққым келеді дейсің. Олар біздің елде қазақ қыздардың қолын сүйіп, құрмет көрсетіп жүр. Ертең қазақ қызына үйленіп алған соң немесе өз еліне барған соң саған солай қарайды деп ойлайсың ба? Қазақтың қызын алдым деп аяғыңызды көтеріп ұстап тұрады дегенге сенесіз бе?”, – дейді актер.

Бағдарлама жүргізушісі Жеңіс Ысқақова ханым қазір қыздардың да, жігіттердің де өте талғампаз болып кеткенін айтып қалды.

Дереккөз: Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары