$ 446.49  475.38  4.79

«Ораза ұстамасаң, ауызашарға қай бетіңмен келдің» деген уағызшы Қуанышбаевқа белгілі заңгер жауап берді (ВИДЕО)

«Ораза ұстамасаң, ауызашарға қай бетіңмен келдің» деген діни уағызшы Арман Қуанышбаевтың  видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Белгілі заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек оның сол сөзіне былай деп жауап берді.

«Екі бетіммен бардым! Анау мынау емес Шымкенттің қақ ортасындағы Орталық мешітке бардым. Барып көрейінші, желкемнен ұстап шығарып жіберер ме екен деген оймен бардым. Біздегі имамдардың ниеті түзу, мінезі көркем болып шықты.  Пәтуа шығарып жүрген Арман Қуанышбаев «мұсылман адам мейрімді болу керек» деген сөзді ұмытып кеткен-ау қасиетті айда зәрін шашып жатқанына қарағанда. «Ауызашарды аш адамға бер» деген Алланың үкімі жоқ! Ең бастысы ниетте! Ниетің түзу болсын деп бекер айтпаған! 
«Ораза тұтпаған бізден емес, намаз оқымаған бізден емес» деп шығатындар осындай уағызшылардың мүридттері!

Жасаған амалыңның керегі не, ниетің дұрыс болмаған соң!», – деді блогер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары