$ 444.22  476.38  4.82

Демалыс күндері елордалық парктерде түрлі шаралар өтеді

Елорда тұрғындары мен қонақтары демалыс күндерін қалалық саябақтарда қызықты өткізіп, балалар мен ересектерге арнап ұйымдастырылған ойын-сауық бағдарламаларына қатыса алады, деп жазады astana.kz сайты.

Қалалық «Студентік», «Астаналық», «Арай» және «Жерұйық» парктерінде әр сенбі-жексенбі күндері концерттік және ойын-сауық бағдарламалары өтеді. Шығармашылық ұжымдар ән айтып, би билеп өнер көрсетеді. Кішкентай елордалықтар үшін түрлі ойын бағдарламалары, сайыстар мен викториналар ұйымдастырылады.

18-19 шілдеде Ата Түрк саябағы мен Астаналық паркте асық ату жарысы, сондай-ақ, «Жерұйық», «Арай», «Ғашықтар», «Студенттік» парктерінде 18:00-20:00 аралығында «Көңілді старт», «Астаналық» паркте гір спорты мен қол күресінен жарыстар өтеді. «Отан қорғаушылар алаңында ролик теуіп, «Президенттік» саябақта 18:00-20:00 аралығында волейбол ойнауға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Келесі жаңалық
Ел атауы түзелсін!