$ 444.22  476.38  4.82

Ел атауы түзелсін!

Еліміздегі бірқатар белсенді азаматтар ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының  атына ашық хат жолдады  деп хабарлайды Skifnews.kz.

Мәдениет және спорт министріне жолданған ашық хатта ел атауы түзелсін деген талап қойылған. Қазір бұл мәселе әлеуметтік желіде де кеңінен талқылануда.

Белсенділердің айтуынша, «Қазақстан» атауы орысша - «Казахстан», ал ағылшынша - орысша нұсқадан алынып «Kazakhstan» аталып келеді. Бұл жайт - елдің конституциясының тілдерге қатысты баптарына қайшы келеді.

«Сіз басқарып отырған министрлік бұл кемшілікті түзетуге 24 жыл бойы ешқашан тырыспағаны өкінішті.
Аталған жайтты Қазақстан Республикасының азаматы ретінде нұсқай отырып, Сізден бұл мәселе бойынша тиісті ғылыми және мемлекеттік органдарға бастамамен шығып, қателікті түзетеді деген сенімдеміз. Олай болмаған жағдайда министрлікті жауапқа тартуға азаматтық бастама көтеретінімізді ескертеміз», – делінген ашық хатта.

Сондай-ақ, хат соңына Айдос Сарым, Әбуақап Қара, Досай Кенжетай және т.б. көптеген азаматтар қол қойған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары