$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жаңа 3 мың автотұрақ ашылады

Алматыда жыл аяғына дейін 3 мыңға жуық орынға шақталған жаңа автотұрақтар ашылады. Ал, кейбір көшелерден керісінше, ақылы тұрақтар алынып тасталады деп мәлімдеді Алматы телеарнасы.

«Алматы қаласында бүгінгі таңда 12 мыңнан астам ақылы тұрақ қалада жұмыс істеп жатыр. 133 паркомат орнатылды. Алдағы уақытта Сәтпаев даңғылына дейін сондай паркоматтар орннатсақ деп жоспарлап отырмыз. Қалдаяқов көшесі мен Сейфуллин көшесінде, сондай-ақ, Байтұрсынов көшесінде жалпы, 25 паркомат орнатуды ойға алып отырмыз», – деді «Алматы Спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков.

Ал қандай көшеден керісінше ақылы тұрақ пен паркоматтар алынып тасталады деген мәселеде ең алдымен, қаланы тұрғындар мен жаяу жүргіншілерге қолайлы жасау мақсатында көптеген бағдарламалардың қолға алынып жатқанын айтып өту қажет. Мәселен, даниялық архитектор Ян Гейл ұсынған бағдарлама бойынша, шаһар билігі жолаушылар автобусына ыңғайлы болуы үшін көптеген ақылы тұрақтардың санын азайтуға кіріскен. Бұған сонымен қатар, кейбір орталық көшелерге жақында ғана енгізілген бірбағыттық қозғалыс ережелері де себеп болған.

«Қалада көліктер көп шоғырланатын орындар: бизнес орталықтары мен сауда орталықтарының төңірегі. Сол себептен, бағдарламаны жүзеге асыру ең алдымен сол жерлерден басталады. Жоспарға сәйкес, бірінші кезеңде сол маңдарды реттеп, тәртіпке келтіру шараларын жүргізетін боламыз», – деді Марат Пірінбеков.

Еске салайық, ақылы автотұрақтар Алматыда осыдан екі жыл бұрын пайда болған еді. Бұған дейін шаһар басшылары автотұрақтарды ақылы етуге екі рет әрекет жасап көрген. Алайда, ол кезде жергілікті тұрғындар қарсылық танытып, жүйенің жетілмегенін айтқан болатын. Ал, осы соңғы жүйеге көпшіліктің көңілі тоқ. Тұрақтарға қойылған паркоматтарға алғашында жүргізушілер үйренісе алмағанымен, кейін мұның тиімді екенін түсінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары