Астанадағы «Спортмастер» дүкеніне тұтынушылар наразылықтарын айтты. Өйткені аталмыш дүкен тауарлардың бағасын дұрыс көрсетпеген. Осынау сәтті телефон камерасына түсіріп алған тұтынушы бейнежазбаны желідегі парақшасына жүктеді.
Тұтынушы әйел баласына «Спортмастер» дүкенінен аяқ киім сатып алмақшы болған. Алайда кассаға барғанда ғана ол «жеңілдік» деп көрсетілген спорт аяқ киімінің бағасы екі есеге қымбат екенін білген.
Жұрт тұтынушыны өзіне тарту үшін әдейі төмен баға көрсетіп қоятын дүкенге өз наразылықтарын білдірді. Олар қарапайым халықты алдаған «Спортмастерге» заңды түрде айыппұл салынуы тиіс екенін атап өтті.