Бүгінде еліміздің түкпір – түкпірінде, 5 қазан күнгі Елбасының Жолдауын бір ауыздан қолдап, оның мән – маңызына терең үңіліп, түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. Ел Жолдаудың басты бағыты халықтың қамы дейді.
Жезқазған қаласы білім бөлімінің №8 гимназия ұжымы тікелей эфирде өткен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын талдады. Ұлт жоспарын жүзеге асыратын Жолдау қазақстандықтар үшін саяси құжатқа айналды. Жолдауда айтқандай бүгінгі таңда білім беру саласы, жоғары оқу орындарын бітірген түлектер қарым - қабілетті, бәсекеге төтеп беретін, білікті де, өте білімді, іздемпаз, отасүйгіш, нағыз патриот алғыр болу керек. Біздің қоғам осыны талап етеді.
Ал, балабақша мен мектептердегі балалардың тәлім –тәрбиесі, олардың қауіпсіздігіне, ұстаздардың мәртебесін көтеру жолында айтылған Елбасының айрықша бастамасы, ұстаздар қауымының көңіл көкжиегін кеңейтті. Мағжан ақын «Алты Алаштың басы қосылса, төр мұғалімдікі» деген болатын.
Жиынды №8 гимназия директоры, Ы.Алтынсарин атындағы медалдің иегері Сара Әбдікерова жүргізіп, Елбасы Жолдауы тарих тағымы тақырыбында баяндама жасады. Жолдаудың басты ерекшелігі – Қазақстан халқының тұрмыс жағдайы мен әл-ауқатын арттыруға басымдық берілгендігі.
Талдау барысында гимназия ұстаздары сөз алып, білім беру саласы кесте бойынша халықаралық стандарттарға көшіп жатқандығын, 2019-2020 жылдары барлық бағалау жүйесі PISA, SAT, AST стандарттарына көшірілетнідігіне кеңінен тоқталды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер мен балабақшаларды 100% бейнебақылау камераларымен қамту шаралары қолға алынатындығы да ұстаздар қауымын қуантты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» заңның әзірленетіндігін Заңда педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеретін стимулдар, оқу жүктемесін азайту, қажетсіз тексерістерді азайту мәселелері көрініс тапқандығы туралы да кеңінен айтылды.
Айта кетерлік басты жайт – Елбасы Жолдауында келесі 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынғандығы. Жастар атынан сөз алған гимназияның жас маманы Думан Сәдірислам бұл ұсыныс өз кезегінде жастарға ерекше әсер еткендігіне тоқталып өтті. Жас буын Елбасы бастамасын еліміздің жарқын болашағына бастар тың серпіліс деп ұқты.
Алдағы уақытта №8 гимназия ұжымы да Жолдауға қолдау білдіре отырып, сөзден іске көшіп, білім саласына бағытталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қызмет ете бермек. Ең бастысы, Жолдауды қолдауда ұраншылдық пен науқаншылыққа айналдырмай, оның жүктеген жүгі ауыр екенін ескеріп, Ұлт көшбасшсының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға бір кісідей жұмылайық.
Ізтөлеу ТҮСІПОВ