Жезқазған қаласындағы №1 «Көктем» бөбекжайының «Құлпынай» тобы «Алтын күз» атты мерекелік концерт ұсынды. Бүлдіршіндердің өнерін тамашалауға қалалық әкімдік қызметкерлері, аталған бөбекжай әкімшілігі мен ұжымы және ата-аналар қатысты.
Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі мен ғайыптары, көз тартар көркемдігі бар. Сондай керемет мезгіл ол күз айы. Ағаштар сары жапырағын жамылып, жеміс-жидек пісіп, егін масағына симай, қамба астыққа толып, диканшы қыстың қамына кірісіп, қызу еңбек қайнаған шақ. Күз молшылық, байлық, ырзық-несібе мен берекеге толы кезең. Осындай күздің өзіне тән қасиетін өскелең ұрпаққа насиахттау мақсатында өткен ертеңгілік өте қызыққа толы болды.
Бала біздің болашағымыз, елдің ертеңі, осы бастан оларды жан-жақты шыңдап, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, өнегелі тәрбие мен білім бере отырып, қанатын қатайтып ұядан түлету борышымыз деп түсінген «Құлпынай» тобының білікті тәрбиешісі Ботакөз Жакупова іс-шараны жаңашылдықпен ұйымдастырып, үлкен шеберлікпен жүргізді. Сонымен қатар өздерінің сүйікті істеріне адал, кішкентай бүлдіршіндерге бар мейірім шуағын төгіп, балапандай байқап, бабын тауып жүрген Тәжиева, Айгүл Жолаева, Мереке Ищанова, Мөлдір Әбдірахманова, Бота Мұханбетрахым сынды тәрбиешілері мен мекеменің хореографы Айнұр Алдамжарова, Жәзира Тәжиеваның еңбегі зор екенін айтқан жөн. Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер түрлі ұлт билерін мың бұрала билеп, Қазақ, Орыс, Ағылшын тілдерінде тақпақтар мен әсем әндер орындаған балабақша тәрбиленушілері Саят Мұрагер, Бекен Нұрғиса, Мырзағали Айару, Совет Сезім, Сәден Сезім, Ғали Анель, Әбдрахман Айзере, Ардақ Абира белсенді өнерлерімен ерекше көзге түсіп, жиналғандардың қошеметіне бөленді.
Әсіресе қызықты Күз мезгіліне қатысты қойылымдар мен ойындар арқылы баланың бойындағы дарынын, білімін, танымдық, шығармашылық қасиетін аша түскені көрермендерді тәнті етті. Сондай-ақ, қонақтар ата – аналар мен жас шеберлердің қолынан шыққан «Алтын күз -2018» көрмесін тамашалды.
Ізтөлеу ТҮСІПОВ