$ 448.15  483.46  4.86

Желіде екі оқушыны байлап, үстеріне жұмыртқа мен ұн шашқан видео тарап кетті (ВИДЕО)

Желіде қатарластары екі оқушыны байлап, үстеріне жұмыртқа мен ұн шашқан видео тарап кетті. Осынау сәттегі бейнежазба Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде жүр.

Бейнежазбада бірнеше оқушы екі балаға жұмыртқа атып, одан қалса ұн шашқан. Екі оқушыны арқанмен байлап тастаған. Ұн шашып болған соң, әрқайсысы екі оқушыны теуіп, мазақ етеді.

Кадр сыртында оқушылардың бір-бірінен ату үшін жұмыртқа сұрағаны естіледі. Бұл жағдай сабақтан кейін болғанға ұқсайды. Сондай-ақ, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары