$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақ жігітімен кездесіп көрмеген»: Астаналық ару құрбысының тағдырына алаңдап жүр

Астаналық бойжеткен тек өзге елдің азаматтарымен танысып, солардың есебінен шетелге саяхатқа аттанатын құрбысы жайлы әңгімелеп берді. Арудың айтуынша, жан құрбысының жасы 30-ға тақап қалғанымен, күні бүгінге дейін тұрмыс құрып, бала сүюге асықпайтын көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Астаналық Мадина есімді бойжеткен (авт. аты-жөні кейіпкердің өтінішімен өзгертілді) шетел азаматтарымен танысып, солардың есебінен өзге елдерге баратын құрбысы жайлы әңгімелеп берді. Бойжеткеннің сөзінше, жан құрбысы бұл қылығына еш ұялмайтын көрінеді.

«Құрбымның аты-жөнін атамауды жөн көріп отырмын. Бастысы жасы келіп қалғанын, тездетіп отбасын құрып, бала сүйсе екен деген тілегімді дұрыс түсінсе екен деймін. Жанармен (авт. құрбысының аты-жөні өзгертілді) мектеп кезінен бастап таныспыз. Біздің ауылға жетінші сыныпта оқып жүрген кезінде көшіп келіп, мектепті бір сыныпта бітіріп шыққанбыз.

Оқуда озат болды, өз күшімен беделді университетке грантқа түсті. Одан кейін магистратурасына да түсті. Мен оқу бітірген соң тұрмыс құрып, екі баламды өмірге әкеліп, жұмысқа бірден шықпадым.

Ол жұмысын да істеді, сөйтіп жүріп, көлігін де алды. Қысқасы, еңбектеніп жүріп, барлық жағдайын жасап алды. Өкініштісі, осы күнге дейін бірде бір қазақ жігітімен танысып, кездесіп көрмеген шығар. Университет бітірген уақытта, бір кәріс азаматымен жүрген. Екеуі үйленеміз деп жүріп, ақыры дәм-тұздары жараспай, ажырасып кетті.

Енді қазір әлеуметтік желі арқылы неше түрлі жігіттермен танысып, солармен танысамын деп шетел асып кетеді. Бірақ жолын, жататын жерін, саяхатын бәрін сол өзге елдің қалталы азаматтары көтеріп беретін. Ол да сырт көзге оғаш көріне ме деп ойлаймын. Неге тұрмыс құрып, бала таппайсың десек те жауабы дайын. «Осы өмірім маған ұнайды, ешкімнің қажеті жоқ» деп айтады», - дейді жас ана.

Екі баланың анасының айтуынша, оның бар мақсаты енді сол құрбысын жақсы жігіттермен таныстырып, отбасылы ету болып отыр.

«Былтыр осында бір жігітпен таныстырып, басым бәлеге қалған. Бірақ бәрібір өз ойымнан қайтпай, өзге ұлттың азаматының етегінен ұстағанша, өз елімізде қалсын деп ниеттеніп отырмын. Өткен жылы күзде Грузияға демалысқа барып келген, енді сол жақтың бір азаматымен сөйлесіп жүр.

Әрине, оның жеке өміріне араласқым жоқ, бірақ ел қатарлы өз отбасын құрып, сәби сүйсе екен деймін. Тіпті қазір өзің үшін бала тауып ал деген әңгімелер де айтып жүрмін. Жанында өзін сыйлайтын, құрметтейтін азаматы болса екен деймін. Алла жазса, өз адамын кездестірер деген ойдамын», - дейді астаналық келіншек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары