Астана телеарнасындағы "Сырласу" бағдарламасына сұхбат берген айтыскер-ақын Ринат Зайытов кеше бірқатар отандық шоу-бизнес өкілдерін қатаң сынға алды. Атап айтқанда, шаштарын бояп, сырға тағатын жігіттерден жиіркенетінін мәлімдеген. Ақын бұл сынды «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделханның жетекшілігімен құрылған Ninety One тобының әншілеріне қарата айтқан болатын.
Алайда, түрлері мен киіну стильдері расымен де гомосексуалдарға ұқсайтын Ninety One тобына танымал продюсер Баян Есентаева араша түсіп отыр. Оның айтуынша, Ninety One заман талабына сай құрылған топ көрінеді.
«Бәсекелестерді сыйлау керек, әсіресе олар соған лайықты болса!!! Бәсекелесіңді сыйла, оның жетістіктерін мойында, және әрі қарай өркендей түс!!! Олар сондай жас, сымбатты және дарынды!!! Олар өзгеше, сонысымен тартымды!» — деп жазды продюсер Instagram парақшасына.