Оқиға бүгін таңертең сағат сегіздер шамасында орын алған. 34 жастағы аға лейтенант Талғат Байәділов жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды деп хабарлайды "Диапазон" порталы.
"Қайғылы оқиға таңертең ерте қару-жарақ беретін бөлмеде орын алды. Жол-патрульдік полиция қызметкері кездейсоқ атылған оқтан жараланған. Оны жедел-жәрдем ауруханасына жеткізгенімен, өмірін аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазір оқиғаның қалай болғаны тексеріліп жатыр. Болжамымыз бойынша, қару-жарақты дұрыс пайдаланбағаннан ол атылып кеткен" дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.
Айта кетейік, Байәділов 2008 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Оның артында кішкентай екі баласы қалды.
Марқұмның әріптестірінің айтуынша, Байәділовте Макаров қызметтік тапаншасы болған. Әрбір қызметкер оны алып қайта өткізетін кезде тексереді, оқтап көреді. Кезекшілікке түскен кезде полицейлер тапаншамен бірге рация мен оқ өткізбейтін жилетті де қоса алады. Қару-жарақ беретін бөлме ғимараттың бірінші қабатында орналасқан және ол жерге бөтен адамның кіруіне тыйым салынған.