Биыл Қарағанды облысын қызыл су басу қаупі тағы төніп тұр. Өйткені, жауған қардың көлемі былтырғымен салыстырғанда екі есеге көп. Онымен қоса, өңірдегі Нұра мен Сарысу өзендеріндегі су көлемі де жылдағыдан жоғары болып тұр деп жазады KTK.
Дегенмен, былтырғы тасқынан зарап шеккен Самарқанд су қоймасындағы бөгет қазір жөнделіп бітті. Бұл - өңірдегі топан судың қарқынын қадағалайтын бірден бір нысан. Көктемгі қар еритін уақытқа дайындықты пысықтауға келген Ішкі істер вице министрі Владимир Божко былтырғы сыр берген бөгеттердің бәрі бақылауға алынды дейді. Былтыр көктемде болған су тасқыны елді әбден есеңгіреткен. Мыңдаған бас мал қырылып, 4 адам суға тұншығып өлді. Жолдар мен көпірдердің талқаны шығып, миллиондаған теңге шығын келгені тағы бар. Тасқын қиратқан 500-ге жуық баспана құрлысымен биліктегілер жыл соңына дейін алысқан. Владимир Божко осындай кесапаттың алдын алу үшін ерте қамдану керек дейді.
Владимир Божко, ҚР ІІМ вице министрі:
-Түскен қардың көлеміне қарағанда жақсылап дайындалуға тура келеді. Өйткені қыс созылып кетіп, екі айдан соң күн күрт жылынса, оңай тимейін деп тұр. Ертерек қамданып жатқанымыз да сондықтан. Арнайы штаб құрылып, дайындықты бүге шүгесіне дейін тексеретін